Назарбаев пен Тоқаев Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысып жатыр - видео

0
539

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр.


Назарбаев пен Тоқаев Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысып жатыр - видео

ERNUR.KZ. Оған Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрғасы, Қазақстан республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ЕАЭС жанындағы бақылаушы елдер – Өзбекстан, Куба елдерінің президенттері мен Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Михаил Мясников қатысып жатыр, деп жазады sputnik.kz.

ЕЭК мәліметінше, мемлекет басшылары экономикалық кеңестің 2020 жылдың 11 желтоқсанындағы Иран Ислам республикасымен келісімі және 2025 жылға дейін еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттары туралы шешімі бойынша есеп береді.

Жоғары кеңес мүшелері 2022 жылғы Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметінің бағытын талқылайды.

Күн тәртібінде ЕАЭО өзге де секторындағы мәселелерді либерализациялау, құрылыс саласындағы бірыңғай нарықтың іске қосылуын қамтамасыз ету, сол нарықтың қызметі үшін баға қызметінің ортақ талаптарын талқылау мәселелері бар.