Нидерландта жүк көлігі бір топ адамды басып кетті

0
587

Испания көлік компаниясына тиесілі жүк көлігі жолдан шығып кетіп, далада барбекю жасап жатқан адамдарды басып кеткен.


Нидерландта жүк көлігі бір топ адамды басып кетті

ERNUR.KZ. Нидерландтың оңтүстігіндегі Ньив-Бейерланд ауылында жүк көлігі кем дегенде үш адамды басып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

МИР24 телеарнасы Нидерланд телерадиохабар тарату корпорациясына (NOS) сілтеме жасап мәлім еткендей,

Испания көлік компаниясына тиесілі жүк көлігі жолдан шығып кетіп, далада барбекю жасап жатқан адамдарды басып кеткен.

Полицейлердің айтуынша, оқиға салдарынан кем дегенде үш адам қаза тауып, бірнешеуі жарақат алған. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекпеген. Оны полиция қызметкерлері ұстады.