​Нөсер жаңбырдан кейінгі тасқын су әйел адамды ағызып әкетті

0
1 269

Ялтадағы нөсер жауынның қорқынышты салдарын оқиға куәгері видеоға түсіріп алған.


​Нөсер жаңбырдан кейінгі тасқын су әйел адамды ағызып әкетті

ERNUR.KZ. Ялтадағы нөсер жауынның қорқынышты салдарын оқиға куәгері видеоға түсіріп алған, деп жазады sputniknews.kz.

Желіде жарияланған бейнежазбада ер адам қала көшелерімен сарқырап ағып жатқан жаңбырдан кейінгі тасқын суды видеоға түсіріп тұр.

Кенет кадрда әйел адамды жанталаса құтқарғалы жатқан ер адам пайда болады. Әлі құрыған жергілікті тұрғынды тасқын су ағызып әкетіп барады. Жолдан өтіп бара жатқанда, суға құлап кетсе керек.

Кеше Ялтада қатты жаңбыр жауып, қала көшелері өзенге айналған. Кей үйлердің жертөлелерін су алып кетті.