Нью-Йоркте коронавирусқа байланысты төтенше жағдай енгізілді

0
769

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 105 мыңнан асып кетті.


Нью-Йоркте коронавирусқа байланысты төтенше жағдай енгізілді

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың қазіргі уақытта 90-нан астам елге жайылғанын хабарлады. Вирус жұқтырудың жаңа деректері Сербия, Словакия, Ватикан, Парагвай, Перу, Камерун және Тогода тіркелді. Ал Нью-Йорк төтенше жағдай жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар санының 2 есеге жуық артып кетуіне байланысты штатта төтенше жағдай режімін жария етті. Жалпы, бұл штатта вирус жұқтырудың 89 дерегі тіркелген.

Баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген губернатор соңғы күндері штаттың медициналық билігі вирустың бар-жоғын анықтау үшін «агрессивті» тексеру жүргізгендігін атап өтті. Бұған дейін алдын алу шарасы ретінде ондаған адам мәжбүрлі түрде карантинге жатқызылған болатын.

«Жаппай каратинге жатқызу инфекцияның таралуын баяулатудың үздік тәсілі екендігіне ешқандай күмән жоқ», - деп атап өтеді Эндрю Куомо.

Айта кетейік, қазіргі уақытта бүкіл әлемде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 105 мыңнан асып кетті. Оның 24 мыңы Қытайдан тысқары аумақта тіркеліп отыр. Осы уақытқа дейін әлемде коронавирустан 3 400-ден астам адам көз жұмса, оның шамамен 3100-і Қытайда тіркелген.