Ораза айтқа орай 426 адамға рақымшылық жасалды

0
286

Олардың ішінде 135 сотталған негізгі жазасын өтеуден толық босатылады.


Ораза айтқа орай 426 адамға рақымшылық жасалды

ERNUR.KZ. Ораза айт қарсаңында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев "Жазасын өтеп жатқан, істеген ісіне өкінетін және өмірін өзгертуге бет алған адамдар тобына рақымшылық жасау" жарлығына қол қойды, деп жазады inbusiness.kz.

Жарлыққа сай, 426 адамға рақымшылық жасалды. Олардың ішінде 135 сотталған негізгі жазасын өтеуден толық босатылса, 200 адам мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығады. Сондай-ақ, 26 адамның жазасы жеңілдетіліп, бас бостандығынан айырылған 65 азаматтың мерзімдері қысқарды.

"Рақымшылық жасалғандардың қатарында шет мемлекеттердің 11 азаматы, 50 әйел, 60 жастан асқан 13 ер адам, 30 жасқа дейінгі 157 адам (оның ішінде үшеуі кәмелетке толмағандар), сондай-ақ тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқан 5 адам бар", - делінген хабарламада.