Өз әйелінің ұлтын шатастырып алған министр ұятқа қалды

0
1 057

Ол өзінің жұбайын жапон деп айтып, артынан кешірім сұрапты.


Өз әйелінің ұлтын шатастырып алған министр ұятқа қалды

ERNUR.KZ. Британияның ішкі істер министрлігінің басшысы Джереми Хант өзінің қытай әйелін жапон деп шатасырып, ұятқа қалды деп жазады NUR.KZ.

Бұл жағдай Британия ішкі істер министрлігі басшысы Джереми Ханттың Қытай ішкі істер министрілігі басшысы Ван Имен өткен кездесуде болған. Ол өзінің жұбайы Люсия Гуоны жапон деп айтып, артынан кешірім сұрапты.

"Менің әйелім жапон... менің әйелім қытай. Мұндай қателік жібергенім дұрыс болмады", -деді министр.

Джереми Хант Пекинге 30 шілде күні келді. Бұл 10 шілде күні ғана сайланған басшының шетелге жасаған алғашқы іс-сапары болып табылады.