Өзбек әншісі Наргиз Закирова соғысты айыптағаны үшін Ресейден қуылды

0
641

Исмаилов АҚШ азаматтығы бар Закированың жақында Мәскеудің Домодедово әуежайы арқылы Өзбекстанға оралуына тура келгені туралы ақпаратты растады. БАҚ мәліметінше, ол жер аударылды.


Өзбек әншісі Наргиз Закирова соғысты айыптағаны үшін Ресейден қуылды

ERNUR.KZ. Танымал өзбек әншісі Наргиз Закироваға Украинадағы соғысқа қатысты айтқан сөзіне байланысты 2072 жылға дейін Ресейге кіруіне тыйым салынды. Бұл туралы әртістің адвокаты Бахром Исмаилов мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Менің қолымда 50 жылға кіруге тыйым салу туралы шешім бар. Бұл арнайы операцияны айыптаған әртістер алып жүрген стандарт тыйым. Наргиз Закироваға қатысты да осы шектеу қойылды. Наргиз бұған дайын болды. Осыған қарамастан, қамқоршым азаматтық ұстанымына адал болып қала береді", - деді адвокат.

Исмаилов АҚШ азаматтығы бар Закированың жақында Мәскеудің Домодедово әуежайы арқылы Өзбекстанға оралуына тура келгені туралы ақпаратты растады. БАҚ мәліметінше, ол жер аударылды.

Әнші бұған дейін Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысты бірнеше рет ашық мәлімдеме жасаған еді. 22 сәуірде ол телеграм-арнасында былай деп жазды: "Украинадан қолыңды тарт! Украина халқын өлтіретін, жоятын, зорлап, тонайтындардың бәрі қарғысқа ұшырасын! Соғысқа жол жоқ!".