Өзбекстан ОСК президент сайлауының қорытындысын бекітті

0
445

ОСК мүшелері Шавкат Мирзиеевті президенттікке сайлау туралы қаулы қабылдады.


Өзбекстан ОСК президент сайлауының қорытындысын бекітті

ERNUR.KZ. Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының отырысында кезектен тыс президент сайлауының қорытындысы қаралды, деп жазады zakon.kz.

Сайлауға сайлаушылар тізіміне енгізілгендердің 15,6 миллион азаматы немесе 80 пайызға жуығы дауыс берді. Отырыста ОСК сайлау қорытындылары туралы хаттама жасап, сондай-ақ қорытындыларды бекіту туралы қаулы қабылдады.

Атап айтқанда, еліміздің ОСК мүшелері Шавкат Мирзиеевті президенттікке сайлау туралы қаулы қабылдады. Ол халықтың 87,05% дауыс жинады.

Робахон Махмудова 4,43%, Ұлықбек Иноятов 4,02% және Абдушукур Хамзаев 3,74% дауыс алды.

ОСК отырысында кезектен тыс президенттік сайлауды дайындау және өткізу барысында комиссияға келіп түскен өтініштер туралы мәселені қарады.