Өзбекстан президенті Қарақалпақстандағы қақтығысты кім ұйымдастырғанын айтты

0
621

Қарулы қақтығыс кезінде қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтқан Өзбекстан президенті жарақат алғандардың тезірек жазылуын тіледі.


Өзбекстан президенті Қарақалпақстандағы қақтығысты кім ұйымдастырғанын айтты

ERNUR.KZ. Үкімет мүшелерімен видео жиын өткізген Шавкат Мирзеев Нүкіс қаласында болған қақтығысты сыртқы күштер жасағанын мәлімдеді, деп жазады Экспресс К.

Қарулы қақтығыс кезінде қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтқан Өзбекстан президенті жарақат алғандардың тезірек жазылуын тіледі.

Оның сөзінше, ресми дерек бойынша, ондаған адам қаза тапқан Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласындағы қырғынды сыртқы күштер ұйымдастырған.

"Әрине, бұл ереул бір немесе он күн ішінде ұйымдастырылмаған. Бұл әрекетті шет елдік қаскөй топ жылдар бойы дайындаған. Олардың мақсаты — Өзбекстанның аумақтық тұтастығына қол сұғып, ұлтаралық қақтығыс тудыру", - деді президент Шавкат Мирзеев.