Өзбекстан сыртқы қарызы көбейген

0
914

Өзбекстанның сыртқы қарызы жалпы ішкі өнімнің 30 пайызынан асты.


Өзбекстан сыртқы қарызы көбейген

ERNUR.KZ. 10 қыркүйекте Өзбекстанның қаржы министрлігі 2020 жылдың алты айындағы мемлекет қарызы туралы есеп жариялады, деп жазады centralasian.org.

Министрлік мәліметі бойынша, биыл 1 шілдеге дейін Өзбекстан мына ұйымдарға қарыз:

Азия даму банкі - 3,9 миллиард доллар;

Дүниежүзілік банк - 3 миллиард доллар;

Эксимбанк Кытай - 2 миллиард доллар;

Жапонияның халықаралық әріптестік агенттігі - 1,7 миллиард доллар;

Қытайдың мемлекеттік даму банкі - 1,3 миллиард доллар;

Халықаралық инвесторлар - 1 миллиард доллар;

Ислам баму банкі - 0,8 миллиард доллар;

Жапонияның халықаралық әріптестік банкі - 0,4 миллиард доллар;

Басқа да қаржы институттары - 3,2 миллиард доллар.

Есепке сәйкес, Өзбекстан үкіметінің қарызы 19,4 млрд доллар болды. Бұл - республиканың жалпы ішкі өнімінің 34 пайызы.

Биыл алты айда Өзбекстанның сыртқы қарызы 1,6 млрд долларға артқан. Республиканың ішкі қарызы 2,1 миллиард долларға көбейген.