​ Өзбекстанда 11 мың құрылыс компаниясында тек 1 қызметкер ресми тіркелген

0
327

4,1 мың компания тек 2 құрылысшысы бар екенін көрсетсе, 5,5 мың компания 4-10 маман ресми қызметпен қамтылғанын алға тартқан.


​ Өзбекстанда 11 мың құрылыс компаниясында тек 1 қызметкер ресми тіркелген

ERNUR.KZ. Өзбекстандағы жалпы саны 34,5 мың құрылыс компаниясының 10,9 мыңы есеп құжаттарында кәсіпорында тек 1 қызметкер жұмыс істейді деп көрсеткен. Бұл туралы кәсіпкерлерге арналған семинар барысында сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Даврон Вахабов айтты, деп жазады inform.kz.

Даврон Вахабовтың мәлімдеуінше, 4,1 мың компания тек 2 құрылысшысы бар екенін көрсетсе, 5,5 мың компания 4-10 маман ресми қызметпен қамтылғанын алға тартқан.

Ал былтыр өзбекстандық құрылыс компаниялары жалпы сомасы 150 трлн сумға бағаланған объектілерді салған.

Оның ішінде нысандардың 70%-дан астамы — тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар.

Палата төрағасы атап өткендей, бүгінде құрылыс саласында 417 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Қоса кетсек, таяуда Өзбекстан президенті саладағы олқылықтардың салдарынан құрылыста 50 трлн сум ($4 млрд) көлеңкеде қалып отырғанын мәлімдеген болатын.