Өзбекстанда әйелдерге үлкен автобустарды жүргізуге рұқсат берілуі мүмкін

0
872

14 орыннан асатын автобустарды жүргізуге салынған қазіргі тыйым өз күшін жоюы мүмкін.


Өзбекстанда әйелдерге үлкен автобустарды жүргізуге рұқсат берілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Бұл жаңалық Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің автомобиль және қалалық электр көліктері жүргізушілерін даярлау және қайта даярлау туралы шешімі жобасында қаралды, деп жазады inform.kz.

Жобаға сәйкес, автокөлік саласына қатысты кәсіптердегі әйелдерге тең жағдай жасау мақсатында 14 орыннан асатын автобустарды жүргізуге салынған қазіргі тыйым өз күшін жоюы мүмкін.

Қолданыстағы ережеге сәйкес, «ВС» және «Д» санаттары бойынша әйелдерді оқытуды ұйымдастыру кезінде жүк көліктерінің жүк көтерімділігі 2,5 тоннадан, ал жолаушыларды тасымалдауға рұқсат етілген автобустардағы орындық саны 14-тен аспауы тиіс. Яғни, бұл нормалар бойынша әйелдер 14 жолаушыдан аспайтын автобусты ғана жүргізе алады.