Өзбекстандық мигранттар үшін Ресейде табыс табу жолдары жеңілдеді

0
717

​Енді оларға орыс елінде 15 күн ішінде тіркеуге тұру міндетті емес.


Өзбекстандық мигранттар үшін Ресейде табыс табу жолдары жеңілдеді

ERNUR.KZ. Ресми статистика бойынша 2 миллион өзбекстандық Ресейде еңбек етіп, нәпақа тауып жүр. Ондағылар еліне жыл сайын миллиардтаған доллар қаржы аударады. Бұл Өзбекстан үкіметінің сыртқы саудадағы теңсіздігін жоюға әсер етеді, деп жазады 24.kz.

Күнгейдегі көршіміз сол арқылы жұмыссыздықтың да алдын алады. Бірақ Ресейдегі экономикалық жағдай өзбекстандық сарапшыларды алаңдатып отыр.

"Әскери операция жалғасып жатыр. Экономикалық соғыс та өршіп барады. Демек мұның салдары еңбек мигранттарына әсер етеді. Сондықтан екі мемлекет тарапынан да жаңа шаралар қолға алынып жатыр. Өзбекстанның сыртта жүрген азаматтарының жартысы елге қайтады деп ойлаймын. Мемлекет оларды еңбекпен қамту мәселесін шешуі керек", - дейді саясаттанушы Бақтиёр Эргашев.