Парижде ұшатын такси таныстырылды

0
614

Ол сағатына 110 шақырымды еңсеріп, диаметрі 15 метрлік жерге қона алады.


Парижде ұшатын такси таныстырылды

ERNUR.KZ. Парижде елу төртінші рет өтіп жатқан Халықаралық әуе көрмесінің аясында ұшатын такси таныстырылды, деп жазады baq.kz.

Электр қуатымен жүретін инновациялық көлікті неміс компаниясы жасап шыққан. Ол сағатына 110 шақырымды еңсеріп, диаметрі 15 метрлік жерге қона алады.

Өндірушілер ұшатын такси қызметін келер жылы Парижде өтетін Олимпиада кезінде пайдалану жоспарланып отырғанын айтты.

Айта кетейік, Жазғы спорт ойындары Франция астанасында 2024 жылдың 26 шілдесінен 11 тамызға дейін өтеді.