Португалия Президенті 2 апта карантинде болады

0
855

Қазіргі таңда Португалияда жаңа коронавирусты жұқтырудың 30 оқиғасы анықталған.


Португалия Президенті 2 апта карантинде болады

ERNUR.KZ. Португалия президенті Марселу Ребелу де Соуза коронавирустың таралуына байланысты екі апта бойы өз еркімен карантинде болады, деп жазады тengrinews.kz.

Ел басшысының баспасөз қызметінің өкілдері, таяуда де Соуза мектеп оқушылары тобын қабылдады. Онда оқушыдан коронавирус табылуына байланыстың мектеп жабылған. Бұл ретте ауру жұқтырған бала мен оның сыныптастары президенттік сарайға бармаған.

"Республика Президенті, оның вирусты жұқтырудың симптомдары жоқ екеніне қарамастан, жақын арадағы екі аптада өзінің барлық көпшілік қызметін тоқтатуды шешті. Бұл шетелге жоспарланған сапарларға қатысты болады", - делінген мәлімдемеде.

71 жастағы Мемлекет басшысының денсаулық жағдайын дәрігерлер қадағалайтын болады. Президент карантинге қарамастан, резиденцияда жұмыс істеуді жалғастыратын болады.

Бас Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда Португалияда жаңа коронавирусты жұқтырудың 30 оқиғасы анықталған.