Президент Қадір түні құрметіне орай 600-ден астам тұтқынға рақымшылық жасады

0
2 100

Ол соңғы рет биыл Наурыз мерекесі қарсаңында рақымшылық жариялаған.


Президент Қадір түні құрметіне орай 600-ден астам тұтқынға рақымшылық жасады

Бердімұхамедов 600-ден астам тұтқынға рақымшылық жасады, деп хабарлады ERNUR.KZ. Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов мұсылмандардың Рамазан айындағы Қадір түні құрметіне 611 сотталушыға рақымшылық жасады. Түркіменстан мемлекеттік БАҚ-ының хабарлауынша, Бердімұхамедов рақымшылық жасау туралы жарлыққа 8 маусымда қол қойған.

Гурбангулы Бердімұхамедовке дейінгі президент Сапармұрат Ниязов жылына бір рет Рамазан айында рақымшылық жариялайтын.

Орталық Азия елдері арасында адам санына шаққанда ең көп тұтқын Түркіменстанда. Бірақ соңғы жылдары Гурбангулы Бердімұхамедов рақымшылық жасауды дәстүрге айналдырып келеді. Ол соңғы рет биыл Наурыз мерекесі қарсаңында рақымшылық жариялаған. Былтыр Түркіменстан президенті үш мың адамға рақымшылық жасаған.