Президенттің қайын енесі бас бостандығынан айырылды

0
920

2013 жылы Сеулдің оңтүстігіндегі Соннам қаласынан жылжымайтын мүлік сатып алу кезінде банк балансы туралы жалған анықтама пайдаланған деп айыпталды.


Президенттің қайын енесі бас бостандығынан айырылды

ERNUR.KZ. Бейсенбі күні Оңтүстік Кореяның жоғарғы соты ел президенті Юн Сок Ёльдың қайын енесіне жер телімін сатып алу кезінде пайдаланған банк құжатын қолдан жасағаны үшін бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын бекітті, деп жазады inform.kz.

Бірінші ханым Ким Кон Хидің 76 жастағы анасы Чхве Ын Сун 2013 жылы Сеулдің оңтүстігіндегі Соннам қаласынан жылжымайтын мүлік сатып алу кезінде банк балансы туралы жалған анықтама пайдаланған деп айыпталды. Жалған құжат оның шотына сол жылдың сәуір айынан қазан айына дейін 34,9 млрд вон (26,7 млн доллар) үлес қосқанын көрсетті.

2021 жылдың желтоқсан айында аудандық сот Чхве Ын Сунды қамауға алмастан, бір жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Алайда апелляциялық сот биылғы жылдың шілдесінде бас бостандығынан айыру жазасын растағаннан кейін оны қамауға алу туралы үкім шығарды. Өзінің кінәсіз екенін алға тартқан Чхве сот үкімімен келіспейтінін айтты.