Путин Украинадағы НАТО әскері туралы айтты

0
436

Ресей бұған дейін НАТО елдеріне Украинаға қару-жарақ жеткізуге байланысты нота жолдаған болатын.


Путин Украинадағы НАТО әскері туралы айтты

ERNUR.KZ. Украинада НАТО елдерінің әскери қызметкерлері бар, олар үшін бұл жақсы емес, себебі олар майдан даласында мерт болып жатыр, деді журналистерге Ресей президенттігіне кандидат, қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путин. Бұл туралы РИА Новости хабарлады, деп жазады sputnik.kz.

"Украинада НАТО елдерінің әскери қызметкерлері бар. Біз мұны білеміз. Ол жерде французша да, ағылшынша да сөйлегендердің сөзін естиміз. олар үшін бұл жақсы емес. Себебі олар майдан даласында мерт болып жатыр", - деді Путин.
Ресей бұған дейін НАТО елдеріне Украинаға қару-жарақ жеткізуге байланысты нота жолдаған болатын. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинаға Батыстан қару-жарақ жөнелту Ресей-Украина келіссөзінің өтуіне кері әсер ететінін айтты.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қаруы бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын айтты. Лавров сондай-ақ АҚШ пен НАТО Украинадағы қақтығысқа "тек қару-жарақ жеткізу арқылы емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа елдердің аумағында кадр даярлау арқылы" тікелей араласып жатқанын мәлімдеді.