Ресей мен Украина делегацияларының мүшелері Анкарада төбелесті

0
327

Ресей депутаты Украина делегациясы тарапынан араңдатушылық болғанын айтып жатқан сәтте украиналық делегат оның артына украин туын іліп еді, оны ресейлік жұлып алды.


Ресей мен Украина делегацияларының мүшелері Анкарада төбелесті

ERNUR.KZ. Анкарадағы Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы Парламенттік Ассамблеясының (ҚТЭЫПА) саммитінде Ресей мен Украина делегаттары арасында төбелес болды. Қақтығыстың бейнежазбасын "Россия 1" тележүргізушісі Ольга Скабеева жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға Мемлекеттік Думаның депутаты Ольга Тимофееваның сөз сөйлеуі кезінде болған. Оның артына украин делегациясының өкілі келіп, Украинаның туын іліде. Мұны көрген Мемлекеттік Думаның халықаралық басқармасының қызметкері оған жақындап, туды жұлып алып, алып кетуге тырысты. Ал туды қайтарғысы келген Украина делегаты оны ұра бастады, сөйтіп кездесу аяғы төбелеспен аяқталды.

"Қазір біздің өкіліміз қажетті тексеруден өтіп, ауруханада жатыр. Оған консулдық көмек көрсетілді. Түрік билігі осы өрескел оқиғағаны назардан тыс қалдырмауы керек. Кінәлілер лайықты жазаға тартылады деп үміттенеміз", — деп хабарлады Түркиядағы Ресей елшілігі.