​Ресейде 336 жолаушысы бар пойыз жүк көлігімен соқтығысты

0
619

Салдарынан локомотив пен үш вагон рельстен шығып кетті.


​Ресейде 336 жолаушысы бар пойыз жүк көлігімен соқтығысты

ERNUR.KZ. Ресейдің Пенза облысы Лунин ауданындағы өткелде ішінде 336 жолаушысы бар пойыз жүк көлігімен соқтығысты, деп жазады baq.kz

Салдарынан локомотив пен үш вагон рельстен шығып кетті. Оқыс оқиға сенбі күні Гольцовка стансасының маңында сағат 5:40 шамасында болған.

Дабыл жүйесімен жабдықталған теміржол өткелінде №116 жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысып қалды. Пойызда 336 жолаушы, оның ішінде 34 бала болды. Салдарынан локомотив, үш вагон рельстен шығып кетті. Теміржол рельстері майысып қалды, - делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ.