Ресейде әскерге шақыру жасы көтерілді

0
1 772

Жаңа норма 2024 жылы көктемгі әскерге шақыру науқанынан бастап күшіне енеді.


Ресейде әскерге шақыру жасы көтерілді

ERNUR.KZ. Ресейде 2024 жылдың көктемінен бастап әскерге 30 жасқа дейінгі азаматтар шақырылады. Биыл күзгі әскерге шақыру науқанында жаңа норма қолданылмайды. Бұл туралы Ресей мемлекеттік думасы қорғаныс жөніндегі комитетінің басшысы Андрей Картаполов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Заң жобасын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізу ұсынылып отыр, яғни бұл ережелер күзгі әскерге шақыру науқанына таралмайды. Мәселен 2023 жылы 31 желтоқсанда 27 жасқа толғандарға 1 қаңтардан жаңа заң қолданылмайды. Алғашқы әскерге шақыру – 2024 жылдың көктемі, ол жаңа ережелер бойынша өтеді", - деді Картаполов.
Заң жобасында әскерге шақыру жасын 18-ден 30 жасқа дейін көтеру көзделген. Тиісті түзету бірінші оқылымда мақұлдады.
Айта кетері, заңның қолданыстағы нормасында әскерге шақыру жасы 27 жаспен шектелген.