Ресейде бензин бағасы рекорд жаңартты

0
1 274

Аи-95 бензинінің бағасы бір күнде 1,11%-ға, тоннасына 71,746 мың рубльге дейін өсіп, рекорд жаңартты.


Ресейде бензин бағасы рекорд жаңартты

ERNUR.KZ. Ресейдің еуропалық бөлігінде «Премиум-95» маркалы бензиннің биржалық бағасы бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша алғаш рет тоннасына 71 мың рубльден жоғары көтеріліп, максималды көрсеткішке жетті. Мұндай деректі Санкт-Петербург халықаралық тауар-шикізат биржасы келтірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Аи-95 бензинінің бағасы бір күнде 1,11%-ға, тоннасына 71,746 мың рубльге дейін өсіп, рекорд жаңартты. Бұған дейінгі рекордтық көрсеткіш алдыңғы күні, 23 тамызда орнап, тоннасына 70,959 мың рубльге жетті.

Жазғы дизель отыны 0,56%-ға, тоннасына 66,026 мың рубльге дейін, Аи - 92 бензині 0,42%-ға, тоннасына 62,432 мың рубльге дейін арзандады. Реактивті қозғалтқыштарға арналған отынның бағасы (авиакеросин) 0,56% - ға, тоннасына 68,183 мың рубльге дейін, қыздырғыш мазут 1,66%-ға, тоннасына 33,121 мың рубльге дейін өсті.

Сұйытылған көмірсутек газдарының (СКГ) құны 1,69%-ға, тоннасына 28, 522 мың рубльге дейін төмендеді. СКГ негізгі өндірушілері орналасқан Орал және Сібірде отынның бұл түрі 4,64%-ға, тоннасына 24,143 мың рубльге дейін арзандады.