Ресейде ер адам бүтін бір отбасын өлтірді: оқиға орнында түсірілген видео

0
851

Ер адам кейін өз-өзіне қол салған.


Ресейде ер адам бүтін бір отбасын өлтірді: оқиға орнында түсірілген видео

ERNUR.KZ. Ресейдің Калининград қаласында ер адам ерлі-зайыптыны өлтіріп, баласын жаралады, деп жазады sputniknews.kz.

Видеоға оқиға орнына құқық қорғау органы қызметкерлері келген сәт түсірілген. Жерде автомат жатыр. Жергілікті тұрғынның айтуынша, қаруды қылмыскерден оқиға орнында кездейсоқ болған 17 жастағы жігіт алып қойған.


Ер адам ерлі-зайыптыны өлтіріп, баласын жаралаған. Кейін өз-өзіне қол салды. Қылмысқа базардағы орынды бөлісе алмауы себеп болды деген болжам жасалып отыр. Оқиға қаланың орталық базарының кіреберісінде болған.