Ресейде Төтенше жағдайлар министрлігінің Ми-8 тікұшағы жоғалып кетті

0
1 533

Ұшақ капитаны Евсеев пен экипаж мүшелерінің тағдыры әзірге белгісіз.


Ресейде Төтенше жағдайлар министрлігінің Ми-8 тікұшағы жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігінің Ми-8 тікұшағы Карелиядағы Онежское көлінің үстінде жоғалып кетті, деп жазады inform.kz.

«Онежское көлінің үстінде оқу-жаттығу ұшуы кезінде Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік-Батыс авиациялық-құтқару орталығының Ми-8 тікұшағы Карелия Республикасының Прионежский ауданындағы Деревянное елді мекені аймағында байланысқа шықпай қалды», - деп хабарлады министрліктен.

Бортта экипаждың үш мүшесі бар. Іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Оқиға орнына әуе кемелері мен қарда жүретін көліктердегі құтқарушылар тобы барады.

«Бортында құтқарушылары бар Солтүстік-Батыс аэронавигация қызметінің АН-26 ұшағы ұшып шықты», - деп атап өтті министрліктен.

Mash Telegram арнасының кейінірек хабарлағанындай, жоғалған Ми-8 ұшағының сынықтары Деревянное ауылынан 10 шақырым жердегі Онежксое көлінен табылды. Оның фюзеляжының бір бөлігі іздестіру жұмыстарынан алыс емес жерде мұздан табылды. Іздеу жұмыстарын жалғастыру үшін сүңгуірлер жіберіледі.

Ми-8 тікұшағы 2004 жылдан бері Төтенше жағдайлар министрлігінің есебінде болған. Ұшақ капитаны Евсеев пен экипаж мүшелерінің тағдыры әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, олардың барлығы қаза тапты.