Ресейде ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

0
412

Бортта тоғыз адам болған.


Ресейде ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Ресейдің Рязань облысында Ил-76 көлік ұшағы құлады, бортта тоғыз адам болған, деп жазады sputnik.kz.

Mash телеграм каналының хабарлауынша, апаттан екі адам қаза тапқан.
Қалған жолаушылар ауруханаға жеткізілді.

Борт Орынбордан Белгородқа ұшып шығып, Рязаньға жанармай құю үшін қонған. Апат ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін болған.