Ресейде жаңа жылдық шаралар өтпейтін болды

0
536

Билік өкілдері елдегі эпидемиологиялық ахуал одан әрі ушығады деп санайды.


Ресейде жаңа жылдық шаралар өтпейтін болды

ERNUR.KZ. Бізге көршілес Ресейде қаңтар айының ортасына дейін жаңа шектеулер енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік өкілдері елдегі эпидемиологиялық ахуал одан әрі ушығады деп санайды. Осыған байланысты алдағы жұма күнінен бастап түнгі клубтарды жауып, мейрамханаларға түнде жұмыс істеуге тыйым салу шешілді. Сондай-ақ Мәскеуде жаңа жылдық жәрмеңкелер мен мерекелік шаралар өтпейтін болды.

Студенттерді қашықтан оқыту жүйесіне ауыстырады. Кинотеатрлар мен концерт залдарында көрермендер саны жалпы орындарының 25%-інен аспауы тиіс. Көрермендер болатын спорт жарыстарын тек билік орындарымен келісіп, өткізуге болады. Көрмелер мен өзге де мәдени шаралар тек онлайн өтуі тиіс. Ал Алтай өңірінде Sputnik V ресейлік вакцинасы егілген үш медицина қызметкері коронавирус анықталды. Мамандардың айтуынша, ауруды жұқтырған кезде оларда иммунитет қалыптаспаған болуы мүмкін. Алғашқы ресейлік вакцина клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен өтпесе де, мемлекеттік тіркеу алған болатын. Қазір оны 40 мың волонтерге сынап жатыр.


– Ресейлік вакцинаны тексеруге уақыт аз болды. Толыққанды сынақтан өткізу үшін көп уақыт қажет, алайда ондай мүмкіндігіміз жоқ. Өйткені індеттің екінші толқынынан кейін үшінші мен төртіншісі де келуі мүмкін. Ал бұл экономикамызға үлкен нұқсан келтіреді, - дейді Ресей Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Владимир Евсеев.