Ресейдің «Бірінші телеарнасының» тікелей эфиріне плакатпен шыққан қызметкер ұшты-күйлі жоғалып кетті

0
664

Адвокаттар оны 10 сағаттан бері таппай жатқанын айтқан.


Ресейдің «Бірінші телеарнасының» тікелей эфиріне плакатпен шыққан қызметкер ұшты-күйлі жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Ресейдің «Бірінші телеарнасының» тікелей эфиріне плакатпен шыққан қызметкер ұшты-күйлі жоғалып кетті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Марина Овсянникова «Время» бағдарламасының тікелей эфирінде Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырған.

Адвокат Даниил Берманның мәліметінше, бастапқыда оны Мәскеудегі Останкин ауданының полиция бөлімшесіне алып барған. Бірақ полиция қызметкерлері бөлімшеде ондай адам жоқ екенін хабарлапты.

Baza басылымының жазуынша, Овсянникованың үстінен Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 207.3 жаңа бабы «Ресей Федерациясының қарулы күштерін пайдалану туралы көрінеу жалған ақпаратты көпшілікке тарату» бойынша қылмыстық іс қозғалуда. Сондай-ақ, ол 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бастапқыда құқық қорғау органы журналистің үстінен әкімшілік хаттама рәсімдемек болған. Бірақ қазір құқық қорғау органдары кезектен тыс жиналыс барысында Овсянниковаға қарсы қылмыстық іс қозғауға шешім қабылдапты.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейдегі Бірінші арнаның қалалық бөлімінің редакторы Марина Овсянникова «Время» бағдарламасының тікелей эфиріне басып кіріп, Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды.