Ресейдің Орск қаласының билігі төрт адамның қаза тапқанын хабарлады

0
282

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігі Орынбор облысындағы су тасқыны жағдайын қиын деп бағалап отыр.


Ресейдің Орск қаласының билігі төрт адамның қаза тапқанын хабарлады

ERNUR.KZ. Ресейдегі су басқан Орскі қаласында төрт адам қаза тапты. Алайда олардың өлімі су тасқыны жағдайына байланысты емес, деп жазады inform.kz.

«Төрт адам қайтыс болды. Екеуі жүрек талмасынан, бір адам табиғи себептерден қайтыс болды, тағы бір адам өзіне қол салды. Су тасқыны салдарынан болған өлім жағдайлары тіркелген жоқ», - деп түсіндірді Орск қаласының әкімдігі.

Бұған дейін облыс билігі агенттікке Орскіде екі қарт ер адамның қаза тапқанын, олардың денелері үйлерінен табылғанын ресми түрде хабарлады.

Мамандардың айтуынша, зейнеткерлердің өлімі судан емес.

Жұма, 5 сәуірде қаланы Жайық өзенінен қорғап тұрған бөгет бұзылды. Салдарынан су басу қаупі бар бірнеше ауыл орналасқан Ескі қаладан адамдарды жаппай эвакуациялау басталды. Су басқан аумақтан көшірілгендерге арнап, уақытша орналастыру орталықтары дайындалды.

Елдің Төтенше жағдайлар министрлігі Орынбор облысындағы су тасқыны жағдайын қиын деп бағалап отыр. Өңірге РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Александр Куренков келді.