Ресейге қарсы жаңа санкциялар дрондарға қатысты болуы мүмкін – Германия СІМ

0
301

Дүйсенбі күні Еуроодақ сыртқы істер министрлері Ресейге қарсы жаңа санкцияларды талқылайды.


Ресейге қарсы жаңа санкциялар дрондарға қатысты болуы мүмкін – Германия СІМ

ERNUR.KZ. Жаңа санкциялар пакеті ұшқышсыз ұшу аппараттары секторына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Германия СІМ басшысы мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Еуроодақ Ресейге қарсы 13-ші санкциялар пакетін әзірлеп жатыр. Бұл басқа мәселелермен қатар Ресейге ұшқышсыз ұшақтарды жеткізуге де әсер етеді, деп мәлімдеді Германия сыртқы істер министрі Анналена Бербок ЕО елдеріндегі әріптестерімен кездесуі алдында.
"Біз қазір 13-ші санкциялар пакетін, әсіресе ұшқышсыз ұшақтарға қатысты шектеулерді қабылдап жатырмыз", - деді ол.
Оның сөйлеген сөзі Еуропалық комиссияның сайтында көрсетілді.
Бербоктың айтуынша, пакет келісілді деуге болады. Дүйсенбі күні Еуроодақ сыртқы істер министрлері Ресейге қарсы жаңа санкцияларды талқылайды. Брюссель бұл санкциялар пакетін 24 ақпанға дейін енгізеді деп күтуде.