Ресейлік компаниялардың табысы квадриллион рубльден асты

0
405

Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 2 есе артық.


Ресейлік компаниялардың табысы квадриллион рубльден асты

ERNUR.KZ. РБК арнасының Федералды салық жүйесіне сілтеме жасаған ақпаратына сәйкес, былтыр ресейлік бизнес 1 268 триллион рубль немесе 1,3 квадриллион ақша тапқан, деп жазады inbusiness.kz.

Ресейлік компаниялардың ортақ табысы, алғаш рет квадриллион рубльден асты. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 2 есе артық. Сарапшылар мұны негізінен мұнай-газ саласындағы табыстың өсуімен және рубльдің тербелістеріне байланысты, валюталық табыспен байланыстырып отыр.

Елдің кеден қызметінің мәліметінше, былтыр ресейлік жанар-жағармай және энергетикалық тауарлардың экспорты бірден 43%-ға артқан. Оның ішінде мұнай өнімдері, газ және көмір бар. Ал биыл мұндай табыс болмайды,- дейді экономистер. Себебі санкциялар, шекті баға және шикі мұнайды Еуроодаққа теңіз арқылы тасымалдауға салынған тыйымдар, оған жол бермейді.