Салынып жатқан ғимарат құлап адамдар үйінді астында қалды – видео

0
992

Құтқарушылар оқиға орнына аттанды, төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.


Салынып жатқан ғимарат құлап адамдар үйінді астында қалды – видео

ERNUR.KZ. Новосібірде салынып жатқан ғимараттың қабырғасы опырылып құлады. Адамдар үйінді астында қалды, деп жазады sputniknews.kz.

Зардап шеккендердің бірі үйінді астынан шығарылып, ауруханаға жеткізілді, деп мәлімдеді ведомстводан.

Төтенше жағдай кезінде ғимаратта 12 жұмысшы болған.


Ударная көшесіндегі нысанның опырылып түскені туралы хабар жергілікті уақытпен 12:20-да (Нұр-Сұлтан уақытымен 11.20) келіп түскен.

"Оқиға орнына автоцистерналар, муниципалды апатты-құтқару қызметінің бөлімшелері аттанды", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, 70 адам мен 20 техника іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталуда.