Санкт-Петербургте Wildberries қоймасынан өрт шықты: 54 адам хабарсыз

0
606

Жалын кезінде ғимаратта кем дегенде 1000 адам болған.


Санкт-Петербургте Wildberries қоймасынан өрт шықты: 54 адам хабарсыз

ERNUR.KZ. 13 қаңтарда Санкт-Петербургтегі Wildberries қоймасында өрт болды. Қазір сол жерде болған қызметкерлермен байланысу жалғасып жатыр. Алайда әлі 54 қызметкер хабарсыз, деп жазады stan.kz.

70 000 м² аумақтағы өрт локализацияланған. Жалын кезінде ғимаратта кем дегенде 1000 адам болған. Жексенбіде компания Шушарадағы қойма қызметкерлерінің туыстарына сенім телефонын ашқанын хабарлады.

"Қазір 54 қызметкермен байланыс жоқ. Олардың кейбіреуі тездетіп ғимараттан шығу үшін жеке заттарын, соның ішінде ұялы телефондарын қоймада қалдырып кеткен", – деп хабарлады Wildberries.

Компания байланыс орната алмаған адамдар саны сенім телефоны жұмысының арқасында біртіндеп азаятынын жеткізді.

"Қазір Шушарадағы қойма қызметкерлерінің ешқайсысы жоғалған деп саналмайды", – деп атап өтті мекеме.