Сатып алған иті қызын талап өлтірді

0
1 490

Қыздың ата-анасы итті екі апта бұрын сатып алғаны белгілі болды


Сатып алған иті қызын талап өлтірді

ERNUR.KZ. Ресейдің Калининград облысында ит иесінің бес жасар қызын қауіп өлтірді, деп жазады sputniknews.kz.

"Кеше құқық қорғау органдарына Гурьев ауданының Рощино кентінде кішкентай қыздың қаза болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Тергеушілер дереу оқиға орнына аттанды. Тексеру кезінде баланы ит талағаны анықталды", — делінген ақпаратта.

Қыздың ата-анасы итті екі апта бұрын сатып алғаны аталып өткен. Тергеушілер қылмыстық іс қозғады.

2017 жылдың қараша айында Мәскеу түбінде зейнеткерді көршісінің екі иті талап тастаған болатын. Королев қаласының тұрғыны дүкеннен нан әкелуге шығып кетеді. Алайда екі сағат бойы қайтып келмеген соң, күйеуі іздеп шыққан. Ол әйелінің денесін үйдің жанынан тауып алған. Жедел жәрдем дәрігерлері марқұмды ит талап өлтіргенін мәлімдеді.