Сауд Арабиясында рұқсатсыз қажылыққа барған 17 мыңнан астам адам ұсталды

0
456

9,5 мыңға жуық адам тұру, жұмыс істеу және шекара қауіпсіздігін сақтау тәртібін бұзған.


Сауд Арабиясында рұқсатсыз қажылыққа барған 17 мыңнан астам адам ұсталды

ERNUR.KZ. Сауд Арабиясында биліктің рұқсатынсыз қажылық парызын өтеуге әрекеттенген 17 мыңнан астам адам ұсталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Елдің Қоғамдық қауіпсіздік қызметі хабарлағандай, 9,5 мыңға жуық адам тұру, жұмыс істеу және шекара қауіпсіздігін сақтау тәртібін бұзған.

«Сауд Арабиясының билігі сонымен қатар қажылыққа келушілерді қажылық орындарына заңсыз тасымалдағаны үшін 33 адамды қамауға алды», - делінген хабарламада.

Өткен аптада Сауд Арабиясының Мекке мен Медине қалаларында жыл сайынғы қажылық рәсімі өтті. Ел билігі коронавирус пандемиясынан бері алғаш рет қажылыққа екі миллионнан астам адам қатысуына рұқсат берді.

Айта кетсек, жақында туристік компания арқылы Мекке мен Медина қалаларына қажылық етуге барған бір топ қазақстандық азамат та құжаттың дұрыс болмауы салдарынан қиын жағдайға тап болған. Аталған жайтқа қатысты тіпті Мемлекет басшысы пікір білдіріп, ел азаматтарын сауатты болуға шақырды.

«Енді кінәсіз адамдар Сауд Арабиясының полиция учаскесінде қамауда отыруға мәжбүр. Осындай алаяқ компанияның заңға қайшы әрекеті азаматтарымыздың денсаулығына, олардың моральдық жағдайына және жалпы еліміздің беделіне үлкен нұқсан келтіріп отыр. Бұл жерде, әрине, адамдардың құқықтық сауатсыздығы да бар. Енді, мемлекетіміз, яғни Сыртқы істер министрлігі оларға барынша көмектесуі қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.