Селфиге түскен: Үндістанда найзағай түсіп, 11 адам қаза тапты

0
572

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың туыстары мен жарақат алғандарға материалдық көмек көрсетілетіндігін мәлімдеді.


Селфиге түскен: Үндістанда найзағай түсіп, 11 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Үндістанда солтүстіктегі Жайпур қаласында найзағай түсіп, 11 адам қаза тапты, деп жазады zakon.kz.

"Известия" басылымының хабарлауынша, құрбандар ХІІ ғасырдағы Амер Форт күзет мұнарасының жоғарғы жағына шығып, жаңбыр жауып тұрғанда селфиге түскен, бұл - танымал туристік орын.

Оқиға болған кезде ол арада шамамен 27 адам болған. Олардың кейбіреулері, басылымның мәліметінше, жерге секіріп түскен, - дейді басылым.

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың туыстары мен жарақат алғандарға материалдық көмек көрсетілетіндігін мәлімдеді.