Шанхайда ауруханалар коронавирус жұқтырған науқастарға толған

0
521

Инфекция жұқтырғандардың басым бөлігі – қариялар.


Шанхайда ауруханалар коронавирус жұқтырған науқастарға толған

ERNUR.KZ. Күн сайын Шанхайдағы денсаулық сақтау мекемелеріне COVID-19 белгілері бар мыңдаған науқас шұғыл түрде түсіп жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың басым бөлігі – 65 жастан асқан кісілер.

ҚХР-дың мемлекеттік БАҚ-ы 25 миллион халқы бар мегаполис халқының 70% вирус жұқтырған болуы мүмкін деп хабарлап отыр.

Билік қатаң санитарлық шектеулерді алып тастағаннан кейін бір айдан кейін Қытай бұрын-соңды болмаған ауру толқынына тап болды. Соңғы күндері Қытайдан келген жолаушыларға оннан астам ел COVID-19 сынағын енгізді. Бірақ соған қарамастан, Бейжің бұл шараларды айыптап отыр.