Шенеуніктің интим суреттері желіге тарап кеткен

0
1 222

Екі жыл бұрын қызметкерлерін мақта теруге адамдарды жібере алмай, сөгіс естіген шенеунік осы суреттері үшін жұмыстан кетті.


Шенеуніктің интим суреттері желіге тарап кеткен

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Әндижан қаласының әкімі Дилмурод Рахматуллаев қызметінен босатылды, деп жазады tengrinews.kz.

Ресми мәлімет бойынша, ол 26 тамызда "өз міндетін атқара алмаған" деп жұмыстан босатылған. Алайда Өзбекстандық БАҚ оның жұмыстан кетуіне интим суреттері себеп болғанын жазған.

Желіде тараған суреттерде Рахматулдаевқа ұқсас адам жалаңаштанып, бір әйелмен жыныстық қатынасқа түскен. Мәліметте айтылғандай, Әндижанның мэрі осы суреттер тарап кеткеннен кейін қызметтен кеткен.

Бірақ сурет әдейі монтаждалған: әйелдің көзі, кеудесі жабылған, ер адамның денесі ашық қалған. Дилмурод Рахматуллаев Әндижан қаласын 2016 жылдан бері басқарып келген. Екі жыл бұрын қызметкерлерін мақта теруге адамдарды жібере алмай, сөгіс естіген.