Шешенстан президенті Рамзан Қадыров өкілеттігін уақытша тоқтатты

0
874

Құжатқа 13 қаңтарда қол қойылған.


Шешенстан президенті Рамзан Қадыров өкілеттігін уақытша тоқтатты

ERNUR.KZ. Шешенстан президенті Рамзан Қадыров "уақытша жұмысқа жарамсыздығын" хабарлап, 13 қаңтардан бастап ел билігін Муслим Хучиевке қалдырды. Бұл туралы Шешенстан үкіметі басшысының сайтында жарияланған өкімде айтылған, деп жазады tengrinews.kz.

"Шешенстан Республикасы Конституциясының 76-бабына сәйкес, менің уақытша еңбекке жарамсыз кезімде Республика басшысының міндетін орындауды 2020 жылдың 13 қаңтарынан бастап Үкімет төрағасы Хучиев Муслим Магомедовичке жүктеймін", - делінген құжатта.

Құжатқа 13 қаңтарда қол қойылды.