Шоу көрсетіп жатқан жүздеген дрон елдің басына құлады (видео)

0
872

Сауда орталығының маңында ұйымдастырылған жарық-шоуды тамашалауға келген 5 мыңнан аса адам аспаннан дрондар құлай бастағанда, жан-жаққа қашқан.


Шоу көрсетіп жатқан жүздеген дрон елдің басына құлады (видео)

ERNUR.KZ. Қытайдың Чжэнчжоу қаласында ұйымдастырылған жарық-шоу кезінде 200 дрон көкке көтерілген. Шоу кезінде дрондар кенеттен жаппай жерге құлап, жиналған көпшіліктің есін шығарды, деп жазады Express Qazaqstan.

Он шақты дрон кенеттен ағаштар мен көліктерге құлай бастады, деп жазды Instagram желісіндегі qazaqpyz_goi парақшасы.

Сауда орталығының маңында ұйымдастырылған жарық-шоуды тамашалауға келген 5 мыңнан аса адам аспаннан дрондар құлай бастағанда, жан-жаққа қашқан.

Бұл жағдайға дрондарды жерден басқаратын құрылғыдан шыққан техникалық ақау себеп болған көрінеді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.