Шри-Ланкада жарыс көлігі көрермендерді басып кетті: қаза тапқандар бар

0
188

Қаза тапқандар арасында 8 жасар қыз бала бар.


Шри-Ланкада жарыс көлігі көрермендерді басып кетті: қаза тапқандар бар

ERNUR.KZ. Шри-Ланкада өткен автожарыста 7 адам қаза тауып, 21 адам жарақат алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Әскери базалық қала Дияталауада өткен «Fox Hill Supercross» шарасында көлік жарыс жолағынан шығып кетіп, көрермендер отырған алаңға соғылған.

Қайтыс болғандар арасында 8 жасар қыз бала бар. Ел билігінің мәліметіне сүйенсек, қазір полиция апаттың себептерін анықтап жатыр.

Шри-Ланкада автомобиль спорты қауымдастығы осындай автожарыстарды 1993 жылдан бері өткізіп келеді. Бірақ пандемия мен елдің экономикалық жағдайының нашарлануына байланысты жарыс бес жылдан бері тоқтап қалған болатын.

Жарысты ұйымдастырушылар іс-шараны тегін ұйымдастырған, оған 100 мыңға жуық адам қатысқанын мәлімдеген.