Швейцарияда тау қозғалуы мүмкін

0
364

Болжам бойынша алдағы 2-3 аптада тау көшіп, 2 млн текше метрдей жер жылыстауы мүмкін.


Швейцарияда тау қозғалуы мүмкін

ERNUR.KZ. Швейцариядағы Граубюнден ауылының тұрғындары шұғыл көшіріледі, деп жазады BAQ.KZ.

Таулы өңірде орналасқан осы елді мекенге таудан тас құлауы мүмкін. Мұнда 100 шақты адам тұрады. Құтқарушылардың хабарлауынша, тау жыныстарының қозғалысы кейінгі кезде үдей түскен.

Болжам бойынша алдағы 2-3 аптада тау көшіп, 2 млн текше метрдей жер жылыстауы мүмкін. Мамандар бұл климаттың өзгеруінің салдары дейді.