СІМ: Қазақстан президентінің жолдауы Эфиопияда талқыланды

0
586

Онда Қазақстан елшісі Барлыбай Садықов Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі бағыттары, оның ішінде Қазақстандағы саяси жүйенің түбегейлі өзгеруі және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы айтып берген.


СІМ: Қазақстан президентінің жолдауы Эфиопияда талқыланды

ERNUR.KZ. Эфиопияның ықпалды ғылыми-зерттеу институттарының бірі болып табылатын Диалог, зерттеулер және ынтымақтастық орталығында (CDRC) Қазақстандағы ағымдағы реформаларға арналған семинар өтті деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Онда Қазақстан елшісі Барлыбай Садықов Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі бағыттары, оның ішінде Қазақстандағы саяси жүйенің түбегейлі өзгеруі және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы айтып берген.

«Қазақстандық дипломат екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін жоғары әлеуетті, сондай-ақ көптеген халықаралық мәселелер бойынша тәсілдердің ұқсастығын атап өтті. Эфиопия Қазақстанның Африкадағы маңызды серіктесі болып табылады және еліміз өзара қызығушылық тудыратын барлық мәселелер бойынша ынтымақтастықты дамытуға мүдделі», – деп жеткізеді құзырлы мекемеден.

CDRC Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, елші Текеда Алему Қазақстандағы қаңтар айындағы оқиғалар республиканың жаңа даму кезеңінің басталуына серпін берген атап өткен. Эфиопиялық сарапшы жаңа Қазақстанның табысты құрылысы үшін барлық жағдайдың бар екенін атап өтіп, еліміздің басшылығы мен халқына табыс тілеп отыр.