Сомалиде ескі бомбаның қалдықтары жарылып, 27 адам мерт болды

0
814

Марқұмдардың көбі - балалар.


Сомалиде ескі бомбаның қалдықтары жарылып, 27 адам мерт болды

Сомали ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жұма күні Сомалидің Төменгі Шабелле аймағында ескі бомбаның қалдықтары жарылып, кем дегенде 27 адам қаза тапқан. Марқұмдардың көбі - балалар, деп жазады inform.kz.

SONA агенттігінің хабарлауынша, жарылыстан кемінде 53 адам жараланған.

«Оқиға Төменгі Шабелле аймағының шығысындағы Жанаале ауданы Мурале ауылында болды», - делінген хабарламада.