Стамбулдың орталығындағы жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болды

0
610

Құрбандар мен зардап шеккендер бар.


Стамбулдың орталығындағы жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болды

ERNUR.KZ. Стамбулдың Бейоглу ауданындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болды. Қала губернаторы Али Йерликая мәлім еткеніндей, зардап шеккендер бар, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін жергілікті уақытпен сағат 16:20-да Бейоглу ауданындағы Истикляль көшесінде жарылыс болды. Оқиға орнына жедел жәрдем, құтқарушылар, қауіпсіздік күштері мен AFAD бригадалары дереу жөнелтілді. Құрбандар мен зардап шеккендер бар. Қосымша ақпарат тағы жарияланады», - деп жазды Стамбул губернаторы Али Йерликая Twitter-де.

Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз. Жарақат алғандардың бірқатары жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген.

Полиция қауіпсіздік шараларын қабылдап, көшедегі жаяу жолаушылар мен көлік қозғалысын тоқтатты. Сонымен қатар, «Таксим» мешіті жабылды. Аумаққа әуеден тікұшақ арқылы бақылау жүргізіліп отыр.