Стюардесса ұшақтан құлап қаза тапты

0
2 053

Стюардесса асфальтқа құлап, ауыр жарақат алған. Оны ессіз жатқан күйінде ауруханаға жеткізгенімен, аман алып қалу мүмкін болмаған.


Стюардесса ұшақтан құлап қаза тапты

Emirates əуе компаниясының стюардессасы Угандадағы Boeing 777 жолаушылар ұшағының апатты жағдайға арналған ашық тұрған есігінен жерге құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Daily Monitor порталына сілтеме жасап.

Бұл қайғылы оқиға Энтеббе əуежайында ұшақ жолаушыларды отырғызуға дайындалып жатқан кезде орын алған. Стюардесса асфальтқа құлап, ауыр жарақат алған. Оны ессіз жатқан күйінде ауруханаға жеткізгенімен, аман алып қалу мүмкін болмаған.

Куəгерлердің айтуынша, құлаған кезде оның қолында шыны бөтелке болған жəне соның салдарынан оған үлкен зақым келген.

Emirates компаниясының өкілдері оқиға себептерін анықтау мақсатында тергеу органдарына көмек көрсетіп жатқандарын айтты.