Суретке түсу үшін басын қатерге тікті

0
1 926

Бес метр қолтырауынның үстіне отырып алған турист аман қалды


Суретке түсу үшін басын қатерге тікті

ERNUR.KZ. Даниялық 22 жастағы Нильс Дженсен Аустралиядағы жабайы табиғат саябағына саяхат кезінде қолтырауынға жасаған қауіпті трюгін достарымен бірге видеоға түсірген, деп жазады Tеngrinews.kz.

Турист 4,7 метрлік қолтырауынға валлаби (кенгуру тұқымдас кішкентай жануар) беріп, тамақтандырған, жыртқыш тамағын жей бастағанда Нильс оның арқасына отырып алды.

Ер адамның айтуынша, бұл әрекет өте көңілді бірақ, өте қауіпті болды. Дженсеннің сөзіне қарағанда, ол Аустралияға келгенше қолтырауындарды көрмеген.

Аустралия билігі туристі айыптады.

"Видеодағы әрекет қауіпті әрі аңдамаушылыққа жатады және біз қолтырауынға бұлай істеуді құптамаймыз", - деді жабайы табиғат бөлімі директорының міндетін атқарушы Трейси Дулдиг.