Таиландта отшашу фабрикасында жарылыс болды

0
397

20 адам қаза тапты.


Таиландта отшашу фабрикасында жарылыс болды

ERNUR.KZ. Таиландтың орталығындағы отшашу шығаратын зауытта жарылыс болып, кем дегенде 20 адам қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Associated Press хабарлауынша, қайғылы оқиға елдің Супханбури провинциясында болған.

Жарылыс радиусы 50-100 м жеткен. Сол күні жұмысқа зауыттың 20-ға жуық қызметкері шыққаны белгілі болды.

Елдің Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою департаменті нақты қанша адамның зардап шеккенін әзірге нақтылаған жоқ.

Ел премьер-министрі Сетти Тхависиннің кеңсесі телефон арқылы жарылыс кезінде зауытта шамамен 20-30 адам болғанын және олардың ешқайсы табылмағанын мәлімдеген видео жариялады. Тависиннің өзі Швейцарияда Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда жүр.

Қазіргі кезде жарылыстың себептері анықталып жатыр.

Айта кетсек, 2022 жылдың қараша айында аталған кәсіпорында дәл осындай оқиға болып, соның салдарынан бір адам қаза тапқан, сондай-ақ тағы үшеуі ауыр жарақат алған болатын.