Таиландта пиротехника қоймасындағы жарылыстан 9 адам қаза болып, 115-і жарақаттанды

0
791

Оқиға Малайзиямен шекараға жақын орналасқан Сунгайколок қаласында болды.


Таиландта пиротехника қоймасындағы жарылыстан 9 адам қаза болып, 115-і жарақаттанды

ERNUR.KZ. Таиландта пиротехника сақталатын қоймада қуатты жарылыс болып, 9 адам көз жұмды, оның ішінде үш бала бар. Жергілікті 115 тұрғын ауыр жарақаттар алды, деп жазады ҚазАқпарат

Оқиға Малайзиямен шекараға жақын орналасқан Сунгайколок қаласында болды.

Жергілікті билік болжамынша, өрт дәнекерлеу жұмыстары кезіндегі қателіктен болған.

Фейерверктер қоймасының ғимараты түгел жанып кеткен.

Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, ол Наратхиват провинциясында орналасқан шағын қаланың айтарлықтай бөлігін қиратты. Дүмпу толқынынан көптеген үйдің терезесі мен шатыры бүлінді.

Айта кетейік, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде пиротехникаларға қатысты оқиғалар жиі болып тұрады. Себебі бұл өңірде фейерверктер түрлі мерекелерде көптеп қолданылады.

Алты жыл бұрын Индонезиядағы пиротехника фабрикасында болған оқиғадан 49 адам көз жұмған еді.