​Таксист көлігінде ұмытып кеткен туристердің ақшасын қайтарып берді

0
850

Аталмыш шытырманға толы оқиға Түркия елінде орын алған екен.


​Таксист көлігінде ұмытып кеткен туристердің ақшасын қайтарып берді

ERNUR.KZ. Ыстамбұлда Тунис елінен келген екі турист әуежайдан қонақ үйге дейін такси жалдап, орнына келген соң 30 мың еуро салынған сөмкелерін тастап кеткен екен, деп жазады ktk.kz.

Таксисит сөмкені байқаған бойда оларға ақшасын қайтарып берген. Туристер өз кезегінде таксисттің адалдығына тәнті болып, 100 еуро көлемінде сыйақы берген.

20 жастағы Хакан Канат жергілікті басылымға берген сұқбатында оның ойында ақша иелену болмағанын керісінше туристерді табу жүргізушіні уайымдатқанын айтқан.