​Танымал әншіге шұғыл ота жасалды (видео)

0
1 163

Ресейлік әнші Юрий Шатуновқа Мәскеудегі ауруханалардың бірінде операция жасалған


​Танымал әншіге шұғыл ота жасалды (видео)

ERNUR.KZ. Юрий Шатуновқа шұғыл ота жасалды, деп жазады sputniknews.kz.

Шатунов гастрольдік турынан кейін ауруханаға түскен. Әртіс суық тиіп, тұмауратса да, концерт беріпті. Салдарынан тісі ауыра бастаған. Дәрігерлер бірден шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдапты.


Әншінің өкілі операцияның сәтті өткенін хабарлады. Шатунов әлі екі апта бойы ауруханада болады. Келесі гастрольдік сапары күз мезгіліне жоспарланған.

Әнші 1973 жылы Башқұртстанда дүниеге келген. Анасы дүниеден озғаннан кейін Орынборбағы мектеп-интернатқа түсті. Сол жерде "Ласковый май" тобының негізін қалаушы Сергей Кузнецовпен танысқан.